10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді.
10.50-де «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» республикалық қоғамдық бірлестігінде "Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығы" тақырыбында брифинг өтеді.
11.00-де Назарбаев университетінде «Академия – Қазақстанның ғылымын дамытудың басым бағыттары төңірегінде еліміздің жетекші ғалымдарын біріктіретін ұйым» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
12.00-де ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде «2024 жылға арналған ҚР Салық кодексіндегі өзгерістер және салықтық және кедендік аудит нәтижелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
14.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астанада биологиядан ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
19.00-де Жастар театрында «Махаббат миниатюралары» қойылымы ұсынылады.
19.00-де «Astana Opera» театрында «Дон Паскуале» екі бөлімді драма-буффасы қойылады.