8 ақпанда Қазақстанда өтетін шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де «Хан Шатыр» СОСО жанындағы алаңда «Nur-Otan» партиясының елордалық филиалы Нұр-Сұлтан қалалық бастауыш партия ұйымдары арасында алғашқы қысқы Спартакиада ойындарын өткізеді. Партия мүшелері конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, пима-хоккей және арқан тарту сияқты спорттың 4 түрі бойынша сайысады.
10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Азаматтарды қабылдау күні өтеді. Қабылдауды Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығы Сыздықов Бауыржан Мәдіұлы жүргізеді.
15.00-де «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Сарыға таста» экологиялық акциясы өтеді. Эко-шараға балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ата-аналар, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық ұйымдары, қоғам белсенділері мен өзге де бастамашы топтар қатысады.
17.00-де «Hilton Astana» қонақүйінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.