8 ақпанда жолдағы ахуал қандай

Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

2026 жылғы 8 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектелді:

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238ө-шақырым (Кенен ауылы – Қайнар ауылы аралығы).
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, синоптиктер 8 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.