Таланты мен талабы ұштасқан Ақылбек прима, сазсырнай, домбыра, шертер, саксафон, шіңкілдек, баян секілді музыкалық аспапта еркін ойнайды.
Оның айтуынша, екі аспапты кәсіби түрде, қалғанын замандастарынан үйреніпті. Өнерлі отбасыда дүниеге келіп, музыканы жастайынан тыңдап өскен. Мектепті аяқтаған соң, жоғары оқу орнында прима мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Талантты өнерпаз Ақылбек Қабасов бүгінде аудандық мәдениет үйінде қызмет етеді.
Ол аудандық мәдениет үйіндегі «Отпан» фольклорлық-халықтық ұжымы ансамблінің мүшесі және халық театры мен ұлт-аспаптар оркестіріндегі хордың мүшесі. Шет елдер мен еліміздің әр өңірінде өнер көрсетіп жүр.