8 айда Қазақстанда 78 мыңға жуық неке қиылған
14:48, 12 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстанда 77 951 неке және 226 803 бала туу тіркелген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мәлім етті.
— Жас жұбайлар некелерін тіркеу үшін көбіне есте қаларлық күндерді таңдайды. Мәселен, қос тоғыз тоғысқан 9 қыркүйек күні 631 жұп шаңырақ көтерсе, 1 195 сәби тіркелді, — деп жазды корпорациядан.
Айта кетейік, Қазақстандықтар арасында этносаралық некелер саны артып келеді.
Сондай-ақ некеге мәжбүрлегендер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Мамыр айында Астанада бір мезетте 25 келіннің беташары өткен болатын.
Ал бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.