8 елдің әскери қызметшілері бірлесіп оқу-жаттығу өткізді
10:45, 21 Қыркүйек 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Орталық – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқу-жаттығуға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елдерінің әскери қызметшілері, 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақ, 600 шамасында ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылған.
Белсенді фазаның шарықтау шегі бөлімшелер негізгі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындаған кезде жүзеге асты. Халықаралық форматта әскери контингенттер бірнеше тактиакалық эпизодтарды орындады. Олар:
- барлау-оқ ату және барлау-соққы беру әрекеттері;
- бастырмалы оқ атумен зақымдауды жүргізу;
- шабуылға көшкенде басып алынған шепті ұстап тұру;
- тактикалық және жедел десант тарды түсіру;
Халықаралық оқу-жаттығудың нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілерді медальдармен марапаттады.