Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сол үйде тұратын көршісі арызданған. Оның үй маңында қойылған машинасының дабыл қаққышы кенттен шуылдап қоя берген. Сыртқа шыққан әйел көлігінің төбесі майысқанын, сондай-ақ артқы терезесінің қирағанын көрген. Байқап қараса, сынған шыныға жүндер жабысып қалған, ал доңғалақ астында осының бәріне кінәлі қара мысық отырған», деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.
Бұл оқиғаны көрген мысық иесі оның сегізінші қабаттан құлап кеткендігін жеткізген. Ал автомобильді жөндеу мәселесіне келгенде бас тартқан.