8 қараша күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 8 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

9.30-да ЭКСПО көрмесі аумағында Қазақстандағы Статистика бюросы Demo DAY іс-шарасын өткізіп, өзінің цифрлық жобаларын таныстырады. Онда инфляцияны есептеу үшін пайдаланылатын деректерді жинаудың жаңа әдістері, білім беру және денсаулық сақтау бойынша құрылатын деректер базалары, сондай-ақ дата-аудиторлардың кім екендігі туралы айтылады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде «KEGOC» АҚ акцияларын қайталама орналастырудың (SPO) нәтижелері» тақырыбында баспасөз брифингі өтеді.

11-00 де ҚР Әділет министрлігінің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли әділет органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, журналистердің сауалдарына жауап береді.

16.00-де «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбына Астана қаласы мәслихатының көпшілік тыңдаулар өткізіледі. https://www.facebook.com/maslihat.astana.kz

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі қойылады.

19.00-де Astana Opera театрында «Травиата» операсы қойылады.