8 қараша күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-деҚР Орталық сайлау комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу және сайлау алдындағы теледебат мәселелері жөнінде отырыс өткізеді.

11.00-де«Есіл» аудандық полиция басқармасында Астана қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы брифинг өткізеді.

12.00-деҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алдағы уақытта өтетін мәдени іс-шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

19:00-де«Барыс Арена» спорт кешенінде елордалық «Барыс» хоккей клубының ойыны алдында шоу өтіп, онда Қазақстанның ең үлкен байрағы жайылады.

19.00-деАстана қаласы филармониясының концерт залында «Ержанның төкпесі» концерті өтеді.

19.00-деЖастар театрында «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады.

19.00-деМ. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Үйлену» комедиясы сахналанады.