8 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 8 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9.00-де Хилтон Астана қонақ үйінде Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамасы Қоғамдық тәртіп желісінің отырысы басталады.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын 15 қазанда аталып өтетін Халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған «Қазақстанның ауылдық аумақтарын тұрақты дамытуға әйелдердің үлесі» атты ауыл әйелдерінің бірінші форумы өтеді.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

10.00-де «ЭКСПО 2017» аумағында балаларға арналған республикалық "Қазақстан - балаларға қамқор мемлекет" форум-фестивалі ашылады.

10.00-де Оқушылар сарайында Астана қаласының орта мектептері арасында «АДАЛ ҰРПАҚ» турнирінің ақтық сайысы өтеді.

10.00-де "Сапаны инновациялау - ел болашағы" тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

10.30-да Дүниежүзілік Банктің «Қазақстан: өндірістік тоқыраудан арылу» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.

16.00-де Тәуелсіздік сарайында ҰҚШҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы ашылады.

16.00-де Astana Marriott Hotel қонақ үйінде журналистерге арналған "Жалған ақпарат дәуірінде Орталық Азияның ақпараттық кеңістігін қорғау" семинары өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Қазақстандық Баспасөз клубында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді. 

11.00-де «Шырақ» ҚҚ кеңсесінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру бойынша алғашқы қоғамдық бағдарламаға туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Шәкен Айманов атындағы 14 халықаралық кинофестивальдің ұйымдастырушылары баспасөз мәслихатын өткізеді.

11.00-де Шымбұлақ курортында шыны едені бар жаңа фуникулерлерді іске қосу туралы баспасөз мәслихаты өтеді. 

14.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында "Терезесі аулаға қараған үш үй" атты алғашқы алматылық рок-мюзиклдің шығармашылық тобы брифинг өткізеді.

17.00-де "Almaty Towers" бизнес орталығында Қазақстан қор биржасының 25 жылдығына орай, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрайымы, мемлекет қайраткері Елена Бахмутованың қатысуымен KASE Talks өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «ӨЗ АИТВ дәрежеңді біл» дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанының басталуы» тақырыбында брифинг өтеді. Брифингке Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов, ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Зоя Хван және Емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігері Халкен Нұғыманова қатысады.