74 жыл бұрын (1949) мемлекет қайраткері, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Өңірлік даму бөлімінің басшысы Анатолий Сергеевич ПЕПЕНИН дүниеге келді.
1972 жылы Сібір металлургия институтын инженер-металург, 1988 жылы Алматы жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1972-1976 жылдары Кентау экскаватор зауытында инженер-технолог, бригадир, бюро меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, 1976-1984 жылдары Шымкент обкомының екінші хатшысы, ЛКЖО Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, 1984-1989 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1989-1990 жылдары Алматы облыстық партия комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1990-1991 жылдары Алматы облыстық ҚКП төрағасының орынбасары, 1991-1993 жылдары Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы, Гурьев облыстық партия комитетінің хатшысы, ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, «Атакент» АҚ аппарат басшысы қызметін атқарды.
1993-1994 жылдары ҚР Президенті мен Министрлер кабинеті аппаратының сектор меңгерушісі, 1994-1997 жылдары ҚР Үкіметі Әкімшілігі басқармасы басшысының орынбасары, кадр бөлімінің меңгерушісі, 1997-1998 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік қызмет, кадр жұмысы және бақылау бөлімінің меңгерушісі, 1998-1999 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1999-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі кадр бөлімінің меңгерушісі, 2007-2011 жылдары ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.
65 жыл бұрын (1958) ҚР Конституциялық соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі Николай Николаевич ТУРЕЦКИЙ дүниеге келді.
1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Заң ғылымдарының кандидаты (1999), заң ғылымдарының докторы (2005), РФ Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі (2021).
Еңбек жолы: 1976-1978 жылдары Кеңес армиясы қатарында болды. 1978-1979 жылдары Алматы үй құрылысы комбинатында қалыптаушы, 1979-1980 жылдары «Қаратау» спорт клубының нұсқаушысы, 1983-2002 жылдары ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 2002-2007 жылдары «Динамо» ДСО мамандандырылған оқу орталығының директоры, Қазақ криминологиялық бірлестігінің директоры, «Қылмыстың алдын алу» журналының редакторы болды. 2012-2014 жылдары Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан заңгерлер одағының хатшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау мәселелері бөлімінің инспекторы, 2016-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғылым жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2017-2022 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі болды.
ҚР Конституциялық Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі (2023 жылғы қаңтардан бастап).
«Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (2007), Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (2007-2011).
«Құрмет» орденімен, 3-дәрежелі «Қазақстанның еңбек ері» медальдарымен, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) мерейтойлық медалімен марапатталған.
63 жыл бұрын (1960) ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы жеңіл және химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Аманияз Қасымұлы ЕРЖАНОВ дүниеге келген.
Ол Батыс Қазақстан облысында туған. 1982 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, 1987 жылы Жоғары комсомол мектебін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 1981-1984 жылдары Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі, 1984-1986 жылдары Тайпақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, ҚЛКЖО Орал облыстық комитеті инструкторы, 1987-1989 жылдары ҚЛКЖО Орал облыстық комитетінде кабинет меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 1989-1991 жылдары ҚЛКЖО ОК сектор меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1991-1993 жылдары ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің халықаралық байланыстар және жастар туризмі басқармасының бастығы, 1993 жылы «Тенгри» БК менеджері болды. 1993-1995 жылдары Атырау мұнай өңдеу зауытының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры, 1995-1997 жылдары ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, 1997-1998 жылдары ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің департамент директоры қызметін атқарды. 1999 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының экономика және қаржы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа талдау секторының меңгерушісі, 1999-2001 жылдары Атырау облысы бойынша кеден басқармасы бастығының міндетін орындаушы, бастығы, 2001-2002 ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2002-2004 жылдары ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 2004-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 2005-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2006-2007 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2007-2012 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы, 2012-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2017-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі. 2018-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, 2019-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Агроөнеркәсіптік кешенді, жеңіл және химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі.
47 жыл бұрын (1976) Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Төлегенұлы ӘЛЕНОВ дүниеге келді.
Ақмола облысында туған.
2004 жылы «Фемида» заң институтын, 2012 жылы Қарағанды заң институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының полиция батальонының полицейі, 1999-2000 жылдары «Арнайы полиция» РМК № 7 ПБ күзет взводының командирі, 2000-2001 жылдары Көкшетау қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің кавалериялық полицейі, 2001-2002 жылдары Көкшетау қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының полиция қызметкері, командирі, 2002-2004 жылдары Көкшетау қаласы ІІБ ОКП жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға анықтаушысы, 2004-2007 жылдары Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Көкшетау қалалық ІІБ ОКП мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы, 2007 жылы Ақмола облысы ІІД Көкшетау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары, 2007-2010 жылдары Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қылмыстық қоғамдастықтарды дамыту және тарату бөлімінің бастығы, 2010-2011 жылдары Ақмола облысы ІІД Көкшетау қаласы ІІБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, 2011-2013 жылдары Ақмола облысы Зеренді АІІБ-нің ішкі істер бөлімінің бастығы, 2013 жылы Ақмола облысы ІІД Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болды.
2013-2014 жылдары Ақмола облысының Ішкі істер департаментінде, 2014-2015 жылдары СҚО Ішкі істер департаменті Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2015-2018 жылдары Ақмола облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2018-2019 жылдары Ақмола облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2019-2020 жылдары Ақмола облысының полиция департаменті бастығының орынбасары (жедел жұмыс бойынша), 2020 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Жетінші департаменті бастығының орынбасары (жедел жұмыстар бойынша), 2020-2021 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Жетінші департаментінің бастығы, 2021-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел қызмет басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1979) «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Алмат Күнжолұлы ЖАМИЕВ дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебін (DUKE университетімен бірлескен бағдарлама, АҚШ) бітірген.
Еңбек жолы: 2008-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ, нормативтік-құқықтық жұмыс департаментінің бас менеджері, 2012-2014 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2014-2016 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету және әдістеме департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Сондай-ақ бұл күні...
125 жыл бұрын (1898-1937) Алаш қозғалысының қайраткері, әдебиет сыншысы, абайтанушы Ыдырыс МҰСТАНБАЕВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған.
Тінібай медресесін, екі сыныпты орыс-қазақ училищесін бітіріп, Семей гимназиясында оқыды. Еңбек жолын пошта телеграфисі болып бастады.
1918 жылы Семейде Алаштың атты әскер полкін жасақтауға қатысты. 1919-1921 жылдары Семей губревкомы мен губаткомының мүшесі болып, Семей, Өскемен, Аягөз, Зайсан университетінде ұйымдастырушылық-басшылық қызметтер атқарды.
1920 жылы Қазақ АКСР-нің Құрылтай съезінде ОАК-нің мүшелігіне сайланды. 1921-1926 жылдары Орал, Ақмола губерниясының прокуроры, Сырдария губаткомының төрағасы, Қазақ ОАК-нің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. 1926 жылы «Сырдария ісі», «Шаян ісіне» қатысты жауапқа тартылды. 1926-1927 жылдары - Қазақ АКСР-інің байланыс халық комиссары.
1927 жылы Семейде өткен атаман Анненковқа қарсы сотта мемлекеттік айыптаушы болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қызылорда мен Алматыда әр түрлі кеңес, партиялық, шаруашылық қызметтер атқарды. Қазақстандағы жер мәселесі, ауылдағы тап тартысы, байлардың мүлкін тәркілеу, мекемелерді қазақыландыру т.б. социалистік қайта құрулар мен голощекиндік ұлт саясатына қарсы күрескені үшін, «сәдуақасовшылдық», троцкилік оппозицияның көрнекті өкілі ретінде қудаланып, партия қатарынан шығарылды.
Ыдырыс Мұстанбаев әдеби сынға өзіндік үлес қосып, қазақ әдебиетінің тағдырына қатысты талас-тартысқа белсене араласты. Абай, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың шығармашылық мұрасын таптық-идеологиялық шабуылдан қорғады.
Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. 1991 жылы 18 ақпанда ақталды.