8 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман, көктайғақ болады, солтүстік өңірде бұрқасын сақталады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.