1971 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Асқар Жоламанов дүниеге келді.
Асқар Ахметұлы Жоламанов Шығыс Қазақстан облысында туған. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2007 жылы Михайлов әскери артиллерия академиясын, 2015 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің факультетін тәмамдаған.
1994-2005 жылдары взвод командирінен бастап әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына дейінгі түрлі қызметтерді атқарды.
2007 жылы №29108 әскери бөлім командирінің орынбасары, 2007–2011 жылдары №10181 әскери бөлім командирі болды.
2011-2012 жылдары ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының атыс зақымдау жөніндегі орынбасары – артиллерия бастығы, 2012–2013 жылдары Аэроұтқыр әскерлерінің зымыран әскерлері мен артиллериясының бастығы қызметтерін атқарды.
2015-2017 жылдары ҚР Қарулы Күштері зымыран әскерлері мен артиллериясы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 2017–2018 жылдары Құрлық әскерлері зымыран әскерлері мен артиллериясы қолбасшысының орынбасары – штаб бастығы болды.
2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің зымыран әскерлері мен артиллериясын басқарды.
2022-2024 жылдары Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы академиясы факультетінің бастығы қызметін атқарды.
2024 жылдың шілдесінен бастап қазіргі лауазымында.
1971 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Қазан қаласының бас консулы Ерлан Ысқақов дүниеге келді.
Ерлан Ұзанұлы Ысқақов Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1993–1998 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінде жетекші маман, кейін Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ұйымдар және экономикалық қатынастар басқармасында референт, атташе, үшінші және екінші хатшы қызметтерін атқарды.
1998–2002 жылдары Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде екінші хатшы, Нью-Йорк пен Гавана қалаларында консул болды.
2002–2006 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті хатшылығының басшысы, Еуропа бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2006–2007 жылдары Қазақстанның Венгриядағы елшілігінде кеңесші, 2007–2008 жылдары Сыртқы істер министрлігінің ақпарат басқармасының бастығы, Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.
2008–2014 жылдары METRO Cash & Carry Kazakhstan компаниясы бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
2014–2017 жылдары Қазақстанның Германиядағы елшілігінде кеңесші және кеңесші-уәкіл, 2018–2019 жылдары СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары болды.
2019–2021 жылдары СІМ-нің Алматыдағы өкілдігін басқарды. 2021 жылы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың тамызынан бастап Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулы.
1976 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев дүниеге келді.
Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Германиядағы Ахен Рейн-Вестфалия техникалық университетін «Еуропалық зерттеулер» мамандығы бойынша бітірген.
2001–2002 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінде атташе, 2002–2003 жылдары Қазақстанның Германиядағы елшілігінде атташе болды.
2003–2007 жылдары Қазақстанның Австриядағы елшілігінде атташе, үшінші және екінші хатшы қызметтерін атқарды.
2008 жылы Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде аға консультант болып жұмыс істеді.
2008–2014 жылдары Қазақстанның Германиядағы елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші, 2014–2017 жылдары СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары болды.
2017 жылы СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының міндетін атқарып, 2017–2019 жылдары аталған департаментті басқарды.
2019–2022 жылдары Қазақстанның Германиядағы Франкфурт-на-Майне қаласындағы бас консулы қызметін атқарды.
2022 жылдың сәуірінен бастап Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1978 жылы қазақстандық дипломат Ержан Қыстафин дүниеге келді.
Ержан Сансызбайұлы Қыстафин Қарағанды қаласында туған. 1999 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Брюссельдегі Еуропалық халықаралық стратегиялық зерттеулер институтында халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қалалық әділет басқармасында сот приставы болып бастаған.
2000–2001 жылдары Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінде жетекші және бас маман, 2001–2002 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық-құқықтық департаментінде атташе болды.
2002–2005 жылдары СІМ аппаратында үшінші хатшы және заң бөлімінің бастығы, 2005–2007 жылдары мемлекеттік тіл және құқықтық сараптама басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
2007–2009 жылдары СІМ Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, 2009–2010 жылдары осы департаменттің директоры болды.
2010–2015 жылдары Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде кеңесші-уәкіл қызметін атқарды.
2016–2019 жылдары СІМ Әкімшілік және бақылау департаментін басқарды. 2019–2021 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде кеңесші-уәкіл болды.
2021–2026 жылдары Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.