8 қазан күні ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бүгін тұман түсіп, найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы  15-20 м/с жетеді.

 Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

  Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с болады.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.