8 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронталды ағындардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде жауын жауып, жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында түнде және Қостанай облыстарында күндіз тұман түсіп, жел күшейіп, секундына 15-22 метрге жетеді. Ақтөбе облысында, Маңғыстау облысында кей жерлерде түнде және күндіз тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Павлодар облысында кей жерлерде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20, күндіз 25 метрге дейін жетеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысы, оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпсіздігі сақталады.