9.00-де Мағжан Жұмабаев және Аманжол Бөлекпаев көшелерінің қиылысында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы жыл сайынғы жоспарлы күзгі-экологиялық айлық аясында ағаштар отырғызады.
10.00-де «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді.
14.00-де Ұлттық теннис орталығында Astana Open ATP 500 жарысы өтеді.
16.00-де Астаналық Циркте Ю. Никулиннің циркі өнер көрсетеді.
19.00-де Астана балет сахнасында «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» балеті көрсетіледі.
19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Әлім Бейсенбаевтың жеке концерті өтеді.