8 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 8 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: ҚазАқпарат

61 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы БАЙЖАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985), аспирантурасын (1988) тәмамдаған. Филология ғылымының кандидаты. Журналист.

Еңбек жолы: 1989-1990 жылдары – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1990-1991 жылдары – «Советы Казахстана» газеті редакциясының парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1996 жылдары кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары – СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы, СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі. 1997-2000 жылдары – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі. 2000-2001 жылдары ҚР Үкіметінің Экономикалық ақпарат орталығының басшысы қызметін атқарды. 2000-2004 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары болып қызмет етті. 2004-2005 жылдары – ҚР-ның Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымында өкілетті өкіл. 2005-2006 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі қызметінде болды. 2006-2007 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2007-2008 жылдары ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. 2008-2010 жылдары – «Арна медиа» ұлттық ақпараттық холдингінің басқарма төрағасы. 2009-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры, 2011-2014 жылдары – «Нұр Медиа» холдингінің бас директоры, 2014-2019 жылдары – «Медиа Консул» жекеменшік компаниясының бас директоры, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасының кеңесшісі; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына жіберілген уәкіл кеңесшісі қызметін атқарды. 2019-2023 жылдары Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметінде болды.

2023 жылдан бері қазіргі қызметінде.

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медальдарымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

52 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллерия бұрынғы қолбасшысы Асқар Ахметұлы ЖОЛАМАНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1993); Қазақ политехникалық институты жанындағы әскери дайындықтан өткен (1992).

Еңбек жолы: 1994-1995 жылдары – взвод командирінен бастап штаб бастығы - әскери бөлім командирінің орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2005-2007 жылдары Михайлов әскери артиллериялық академиясының тыңдаушысы болды. 2007 жылы 29108 әскери бөлімі командирінің орынбасары қызметін атқарды. 2007-2011 жылдары – 10181 әскери бөлімінің командирі. 2011-2012 жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары - ҚР ҚК АэҰӘ қолбасшысы басқармасы әскер тектері артиллериясының бастығы. 2012-2013 жылдары ҚР ҚК АэҰӘ қолбасшысы басқармасы зымыран әскерлері мен артиллерия бастығы болды. 2013-2015 жылдары – Ұлттық қорғаныс университеті ӘМБ факультетінің тыңдаушысы, 2015-2017 жылдары ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, 2017-2019 жылдары Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының орынбасары - ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы басқармасының штаб бастығы қызметін атқарған. 2018-2022 жылдары – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы. 2020 жылы генерал-майор шенін алған.

52 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулы Ерлан Ұзанұлы ЫСҚАҚОВ дүниеге келген.

Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (1993).

Еңбек жолы: 1993-1998 жылдары СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, 2002-2008 жылдары онда әртүрлі басшылық жұмыстарды атқарды. 2008-2014 жылдары – Алматы қаласындағы «МЕТРО Кэш&Кэрри» ЖШС компаниясы бас директорының орынбасары. 2014-2017 жылдары Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, 2018-2019 жылдары ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (2019-2021), 2021 жылы ҚР СІМ аппаратының жетекшісі қызметін атқарған.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

2021 жылдың қыркүйек айынан бері қазіргі қызметінде.

47 жыл бұрын (1976) ​​ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Болатбекұлы ҚОНЫСПАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль техникалық университетінің магистратурасын Еуропалық зерттеулер мамандығы бойынша бітірді. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының түлегі.

Дипломатиялық қызметін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 2001 жылы Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесінен бастады. 2002-2003 жылдары – Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде атташе. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде атташе, үшінші және екінші хатшы қызметін атқарды. 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне аға кеңесші ретінде жұмысқа ауысты. 2008-2014 жылдары Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары. 2017 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы болды. 2017-2019 жылдары – СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің директоры. 2019-2022 жылдары – ҚР-ның Майндағы Франкфурт қаласындағы (Германия) Бас консулы.

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Сансызбайұлы ҚЫСТАФИН дүниеге келді.

Қарағандыда туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, халықаралық заңгер мамандығын алған. Одан кейін Брюссель қаласындағы Еуропалық халықаралық стратегиялық зерттеулер институтынан халықаралық қатынастар магистрі болып шығады.

Еңбек жолы: 1999 жылы – Нұр-Сұлтан қаласы әділет басқармасының сот приставы; 2001-2002 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі заң қызметі департаментінде қызмет, ҚР СІМ халықаралық құқық департаментінде атташе. 2002-2005 жылдары – ҚР СІМ аппаратының заң бөлімінің үшінші хатшысы, бастығы; 2005-2007 жылдары – ҚР СІМ мемлекеттік тіл және заң сараптамасы басқармасының бастығы; 2007-2009 жылдары – ҚР СІМ әкімшілік департаменті директорының орынбасары; 2009-2010 жылдары – ҚР СІМ әкімшілік департаментінің директоры; 2010-2015 жылдары – ҚР-ның Бельгиядағы елшілігінің кеңесші уәкілі; 2016-2019 жылдары – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің жетекшісі; 2019-2021 жылдары – ҚР-ның АҚШ-тағы кеңесші уәкілі.

2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.