Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстігінде және шығысында осы аумаққа жылжитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және аздаған суықтан кейін қайтадан температураның көтерілуі күтіледі. Қазақстанның батысында және солтүстігінде бәрі керісінше. Егер жақын арадағы екі тәулікте жылылық және жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, онда Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батыс аудандарынан жылжитын циклон 8 қазанда жаңбыр әкеледі, түнгі уақытта жылбысқы қар жауып, күннің суыта түсуіне соқтырады.