8 келіден астам героин тасымалдаған Тәжікстан азаматы 16 жылға сотталды - Қостанай

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тәжікстан Республикасының азаматы А.Рахматжоновқа қатысты сот үкімін шығарды.

Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің хабаарлауынша, А.Рахматжонов ағымдағы жылдың маусым айының басында Худжанд қаласында 8 кг. 216,26 гр. героинді заңсыз иемденген. Алған есірткі затын Тәжікстаннан Қырғызстан және Қазақстан арқылы Ресейге өткізу мақсатымен 21 түйіншекке бөліп, көліктің жасырын жеріне салған.

8 маусымда Жамбыл облысындағы «Қордай» кеден бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстан аумағына өтіп, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарына жеткен. 10 маусымда Қостанай облысының ҰҚКД қызметкерлері автокөлікті тексеру кезінде 21 түйіншектегі жалпы салмағы 8 кг. 216,26 гр құрайтын жасырылған есірткі затын әшкерелеген.

Сот. А.Рахматжоновты ҚР ҚК-нің 297-б. 3-б. 3-т., 286-б. 4-б., 24-б. 3-б., 286-б. 4-б (есiрткi заттарын аса ірі көлемде заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған қатаң тәртіптегі түзету колониясында 16 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.