8 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 8 қыркүйекте қандай танымал тұлғалар дүниеге келген? Kazinform оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

Бейбіт ЖҮСІПОВ, Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

Фото: Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі

1961 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Математика және физика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша (1984) бітірген.

Еңбек жолы: Уәлиханов ауданының Оңтүстік орта мектебінің, Заборовка негізгі мектебінің, Қарабұлақ орта мектебінің, Зеренді ауданының Зеренді қазақ орта мектебінің директоры (1984-2001); Зеренді ауданы білім бөлімінің басшысы (2001-2013); Зеренді ауданы әкімінің орынбасары (2013-2014); Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары (2014-2015); Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы (2015-2019); Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары (2019-2020); Ақмола облысы білім басқармасының басшысы (2020-2023).

Қазіргі қызметін 2023 жылғы наурыз айынан бастап атқарып келеді.

Серік НӨГЕРБЕКОВ, G-Global халықаралық хатшылығының басшысы

Фото: inbusiness.kz

1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды кооперативтік институтын «Экономист-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша (1984) бітірген.

Еңбек жолы: Қарқаралы қоғамдық тамақтану кәсіпорнының экономисі, Қарқаралы мал дәрігерлік техникумында комсомол комитетінің хатшысы (1984-1986); Қазақстан ЛКЖО Қарқаралы аудандық комитетінің екінші хатшысы, «Қарағанды Трансагенттік» АТК Қарқаралы агенттігінің бастығы. 1988 жылғы желтоқсан — 1991 жылғы мамыр аралығында — Агроөнеркәсіп кешені кәсіподақ қызметкерлерінің Қарқаралы аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылғы мамыр — 1992 жылғы қаңтар аралығында — «Алтын Емел» АҚ-да жабдықтау жөніндегі менеджер болып жұмыс атқарған. 1992 жылғы қаңтар — 1994 жылғы ақпан аралығында — Республикалық сыртқы экономикалық «Қазөнеркәсіпэкспорт» кәсіпорыны «Көмір-экспорт» фирмасының директоры. 1994 жылғы ақпан — 1998 жылғы маусым аралығында — Мемлекеттік сыртқы экономикалық «Қазыбек» корпорациясының вице-президенті. 1998 жылғы маусым — 2000 жылғы қаңтар аралығында — Қазақстан Республикасындағы Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының филиалы директорының орынбасары. 2000 жылғы қаңтар — тамыз аралығында — «Аймақаралық клиринг палатасы» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2000 жылғы тамыз — 2002 жылғы шілде аралығында — Қарағанды облыстық Қаржы басқармасының бастығы. 2002 жылғы шілде — 2005 жылғы қыркүйек аралығында — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаментінің директоры. 2005 жылғы қыркүйек — 2007 жылғы ақпан аралығында — «Еснұр және К» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы. 2007 жылғы ақпан — 2009 жылғы маусым аралығында — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Президенті. 2009 жылғы маусым — 2012 жылғы қараша аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылғы қараша — 2015 жылғы қыркүйек аралығында — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бесінші шақырылымының депутаты. 2015-2020 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

Қазіргі қызметін 2021 жылдан бастап атқарып келеді.

«Парасат» орденімен (2015 жылы), «Ерен еңбегі үшін»медалімен (2008 жылы), III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2016), сондай-ақ мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған.

Азат ПЕРУАШЕВ, саяси қайраткер

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша (1991) бітірген. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін «Мемлекеттік басқару менеджері» мамандығы бойынша (1996) тәмамдаған; Жетісу экономикалық институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша (2000) бітірген.

Еңбек жолы: Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы қызметін атқарған (1988); 1991 ж. — Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1992 — 1995 жылдары — Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996 — 1998 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1998 — 2005 жылдары — «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті. 2006 ж. — Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 2006 — 2011 жылдары «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы. 2011 жылғы шілдеден — «Ақ жол» ҚДП төрағасы. ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2012-2016); ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2016-2021); ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі; ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты (2023-2026).

II дәрежелі «Достық» орденімен (2001), III дәрежелі «Барыс» орденімен (2008), медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған. 1991 жылы Мәскеуде өткен кеңес-америкалық «Мәдени бастама» қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты.

Дмитрий КОЛОДА, мемлекет қайраткері

Фото: parlam.kz

1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Петропавл есеп-экономикалық техникумын (1993), Солтүстік Қазақстан университетін (1997), Қорған мемлекеттік университетін (2000) тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Сергиев ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған. 1999-2000 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы жанындағы ҚСжАО қылмыс туралы статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры. 2000-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы прокурорының көмекшісі, 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі, 2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әділет бөлімінің бастығы, 2005-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әділет басқармасының бастығы, 2007-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары «Бірлік» заң қызметтері орталығы «ЖШС директоры. ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (2021-2023); ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты (2023-2026).

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен; «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері», «Заңгер» II және III дәрежелі төсбелгілерімен марапатталған.

Динара НАУМОВА, Құрылтай депутаты

Фото: time.kz

1997 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Технология және бизнес колледжін «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша (2017) бітірген. Алматы қаласындағы «Professionalize Kazakhstan» бизнес мектебін (2018), Технология және бизнес университетін «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша (2021) тәмамдаған.

Еңбек жолы: Қазақстандағы Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының президенті (2022); Қабанбай батыр кентіндегі Қазақстандағы алғашқы инклюзивті фитнес-орталықтың негізін қалаушы (2022). Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі (2022); Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2022); ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (2023-2026).

Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыз айынан бастап атқарып келеді.

Лев ТАРАКОВ, журналист, қоғам қайраткері

Фото: aikyn.kz

1966 жылы Украина КСР-нің Черкасск облысында дүниеге келген. Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін «Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1992 жылдары Солтүстік флот кемелерінде саяси офицер қызметін атқарды. 1992-1994 жылдары ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің сараптамалық-талдау жұмысы басқармасында жетекші маман, бас маман, басқарма бастығының орынбасары, бас басқарма бастығы лауазымдарында еңбек етті. 1994-1997 жылдары ҚР Президенті жанындағы Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, басшының орынбасары, бірінші орынбасары болды. 1997 жылғы мамыр-желтоқсан аралығында ҚР ҚСЗИ директоры, 1997-1998 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі қызметтерін атқарды. 1998-2002 жылдары ҚР Президентінің баспасөз қызметін басқарды. 2002-2004 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

2004 жылы «Известия-Казахстан» газетінің бас редакторы, 2004-2008 жылдары «Liter-Media» ЖШС атқарушы директоры, 2008-2012 жылдары «Литер» газеті» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды. 2021-2025 жылдары «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болды.

«Құрмет» орденімен (2009), «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.