«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман күтіледі.
Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.