8 қыркүйек күні республиканың солтүстік аймағында бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйек күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, екпінді жел соғады, солтүстікте бұршақ болуы ықтимал, тек республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады. Солтүстік-батыстың кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі,  жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болады.  Қостанай  облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді.   Қарағанды, Павлодар,  Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, түнде және таңертең Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Алматы облысында  қатты ыстық күтіледі. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы  облыстарында,  Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.