8 қыркүйек. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1952) Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері  КУЛАГИН Сергей Витальевич дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Инженер-механик, саяси ғылымдардың кандидаты. Бас инженер, өнеркәсіптік бірлестігінің басқарма басшысы, совхоз директоры, аудан және облыс деңгейіндегі әртүрлі партиялық лауазымдарда, Торғай облысы әкімшілігнің басшысы (1992-1993), ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (1994), ауыл шаруашылығы министрі (1993-1994, 1998), Қостанай облысының әкімі (2004-2011) болып қызмет атқарған. ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды (2011-2014). Зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты құрметті еңбек демалысына шықпастан бұрын соңғы атқарған қызметі - Ақмола облысының әкімі (2014-2017).

ІІІ және ІІ дәрежелі «Барыс», «Отан», «Дружба» (Ресей Федерациясы) ордендерімен, он бес медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

56 жыл бұрын (1962) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, G-Global халықаралық хатшылығының жетекшісі НӨГЕРБЕКОВ Серік Нөгербекұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында туған. 1984 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1984 жылы Қарқаралы мал дәрігерлік техникумында комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған. 1985 жылғы маусым - 1986 жылғы қараша аралығында - Кеңес армиясында мерзімді қызмет өткерген.  1986 жылғы қараша - 1987 жылғы желтоқсан аралығында - Қазақстан ЛКЖО Қарқаралы аудандық комитетінің екінші хатшысы.1987 жылғы желтоқсан - 1988 жылғы желтоқсан аралығында - «Қарағанды Трансагенттік» АТК Қарқаралы агенттігінің бастығы. 1988 жылғы желтоқсан - 1991 жылғы мамыр аралығында - Агроөнеркәсіп кешені кәсіподақ қызметкерлерінің Қарқаралы аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылғы мамыр - 1992 жылғы қаңтар аралығында - «Алтын Емел» АҚ-да жабдықтау жөніндегі менеджер болып жұмыс атқарған. 1992 жылғы қаңтар - 1994 жылғы ақпан аралығында - Республикалық сыртқы экономикалық «Қазөнеркәсіпэкспорт» кәсіпорыны «Көмір-экспорт» фирмасының директоры. 1994 жылғы ақпан - 1998 жылғы маусым аралығында - Мемлекеттік сыртқы экономикалық «Қазыбек» корпорациясының вице-президенті. 1998 жылғы маусым - 2000 жылғы қаңтар аралығында - Қазақстан Республикасындағы Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының филиалы директорының орынбасары. 2000 жылғы қаңтар - тамыз аралығында - «Аймақаралық клиринг палатасы» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2000 жылғы тамыз - 2002 жылғы шілде аралығында - Қарағанды облыстық Қаржы басқармасының бастығы. 2002 жылғы шілде - 2005 жылғы қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаментінің директоры. 2005 жылғы қыркүйек - 2007 жылғы ақпан аралығында - «Еснұр және К» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы. 2007 жылғы ақпан - 2009 жылғы маусым аралығында - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Президенті. 2009 жылғы маусым - 2012 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылғы қараша - 2015 жылғы қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бесінші шақырылымының депутаты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысыменсұрап көрші Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

«Парасат» орденімен(2015 ж.), «Ерен еңбегі үшін»медалімен (2008 ж.), 8 мерейтойлық және ведомстволық медальмен марапатталған.

52 жыл бұрын (1966) «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы ТАРАКОВ Лев Юрьевич дүниеге келді.

Ол УКСР Чигирин қаласында туған. Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген (1988), әскери-теңіз флотының офицері-саяси қызметкері, тарих пен қоғамтану пәндерінің мұғалімі.

1988 жылдан - Солтүстік флотта офицер-саяси жұмыскер болып қызмет еткен. 1992 жылдан - Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің жетекші, бас маманы, басқарма бастығының орынбасары, сараптамалық-талдау жұмыстары мен жедел ақпарат бас басқармасының бастығы. 1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Талдау мен стратегиялық зерттеулер Орталығында сектор меңгерушісі, жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1997 жылдың мамырынан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 1997 жылдың желтоқсанынан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі. 1998 жылдың мамырынан - ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі. 2002 жылдан РФ ҚР Өкілеттігінің кеңесші-уәкілі. 2004 жылдан «Литер Media» компаниясы бас директорының орынбасары. 2004-2008 жылдары «Liter-Media» ЖШС атқарушы директоры, 2008-2012 жылдары -  «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеті» ЖШС бас директоры болған.

Қазіргі қызметінде - 2012 жылдың мамыр айынан бері.

«Құрмет» орденімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

51 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы, ғылым кандидаты. 1984 - 1991 жылдары - М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қаласы); 1995 - 1996 жылдары ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы); 1998 - 2000 жылдары - Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы); 2011 ж. - РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты. Еңбек жолын Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы болып бастаған. 1991 ж. - Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1992 - 1995 жылдары - Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996 - 1998 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1998 - 2005 жылдары - «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті. 2006 ж. - Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 2006 - 2011 жылдары «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы. 2011 жылғы шілдеден - «Ақ жол» ҚДП төрағасы.

2012 жылғы қаңтардан - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі. 2016 жылғы наурыздан қазіргі қызметінде.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (2008 ж.) марапатталған, «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.). «Мәдени бастама» кеңес-америка қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (1991 ж.).

48 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі ДИЯРОВ Дәурен Кеңесұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.

1993-1994 жылдары - «АРУС» Кәсіби футбол клубының аудармашысы, 1994-1995 жылдары - «Стройимпорт» компаниясының менеджері. 1995-1997 жылдары - «ВИА» ЖШС директоры. 1997-1998 жылдары - «Рахат-Металз» ЖШС құнды қағаздар департаментінің директоры, «Центраз Файнанс Секьюритиз ЛТД» директордың қаржы жөніндегі орынбасары. 1998-2000 жылдары - «Веста» ЖШС директордың қаржы жөніндегі орынбасары. 2000-2002 жылдары «Д.Д.Д.» ЖШС директоры. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ-ның экономика және даму жөніндегі вице-президенті. 2007-2013 жылдары - «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰҚ» АҚ президенті, бас директоры қызметтерін атқарған. 2014-2016 жылдары - «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры, бас директордың бірінші орынбасары.

95 жыл бұрын(1923-2004)  белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны, ҒАМЗАТОВ Расул Ғамзатұлы дүниеге келді.
Дағыстанның Хунзах ауданында туған. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген.