10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.30-да Назарбаев Университетінде Қазақстандағы тұрақты даму шешімдері желісінің ресми түрде ашылуы өтеді.
12.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азия - Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.
Шара барысында Орталық Азия елдерінің Қытаймен ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылау жоспарланған.
Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері қатысады.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай «100 жасаған «Жас Алаш» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді.
19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залы «Жастар әні» концертін ұсынады.