10 шілдеден бастап аталған банктердің банкоматынан ақша шешуге қосымша комиссиялар алынып тасталды.
Енді Халық банкі мен Қазком клиенттері екі банктен де ақшаны комиссиясыз ала беретін болады.
«2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, Халық банкінің 2367 банкоматы болды, оның 559-ында cash-in функциясы (ақша салу) бар. Ал Қазкомның банкоматтар желісінде 2292 құрылғы бар, оның 465 - cash-in функциясымен. Бүгінгі күні Халық банкінде - 6 млн, ал Қазкомда 2 млн.-нан астам карточка ұстаушыға қызмет көрсетілетінін ескерсек, Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғындарының көпшілігі екі банктің банкоматтық желілерінің бірігу артықшылықтарын пайдалана алады», - деп атап өтті «Қазком» банкінің баспасөз қызметінен.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2017 жылдың сәуірінде банкоматтар арқылы 683,2 млрд теңгеге 17,6 млн транзакция жасалған.