8 наурызда елдегі қай жолдар жабық тұр

Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, күннің бұзылуына нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде қозғалыс шектелді:

Ақмола облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200-шақырым аралығы(Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 407-346-шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Жақсы кенті).

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы ауылы — Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ақылы жол бекеті)

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы, 231-324-шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті).

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1066-1135-шақырым аралығы (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1135-1206-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті).

• «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» автожолы, 0-112-шақырым аралығы (Павлодар қаласы — Ресей шекарасы).

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы, 0-231-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Қалқаман кенті).

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-431-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Атамекен ауылы).

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы арқылы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 426-587-шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы – Абай облысының шекарасы).

Абай облысы

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы арқылы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 587-733-шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы).

Еске салайық, синоптиктер 8 наурызда Қазақстанның барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялады.