8 наурызда әйелдер қоғамдық көлікте тегін қатынай алады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның кейбір қалаларында Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандылар қоғамдық көліктерде тегін жүруге  мүмкіндік алды. Бұл туралы бірнеше жергілікті әкімдік мәлім етті. 

Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекенің құрметіне әйел қауымына осындай мүмкіндік сыйлаған қалалар қатарында Астана, Ақтау, Ақтөбе және Атырау бар. Алматы және Шымкент шаһарларында  төлемдер әдеттегідей алынатыны белгілі болды.