8 наурызда ерлер қаржылай шығындарын 27 пайызға артық жұмсауға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Халықаралық әйелдер күніне орай ерлер өздерінің сүйіктілеріне сыйлық алу үшін қаржылай шығындарын 27 пайызға артық жұмсауға әзір екен. Бұл жайында жекелей несиеге мамандандырылған ресейлік 'Хоум кредит энд финанс банк' өз зерттеуінде хабарлады.

Алдағы 8 наурыз мерекесінде азаматтар 7,5 мың рубльге (шамамен 37 мың теңге көлемінде) жуық қаржы жұмсауға дайын екен. Сауалнамаға қатысқандардың 90 пайызы сыйлықтарды несие есебінен емес, өздерінің жеке қаржысымен алмақ. «Ресей тұрғындары 8 наурыз мерекесін аса құштарлықпен атап өтеді. Жаңа жылдан кейін осы көктемгі мерекеге елеулі қаржы жұмсалады. Мәселен, 2013 жылдың қысында сыйлықтарға орташа шығыс 9,7 рубльді құрады», - дейді банк өкілі.

2013 жылы нәзік жандылардың мейрамына ерлер 5,9 мың рубль, ал 2012 жылы 3,75 мың рубль жұмсаған көрінеді.