«6 наурызда сағат 10.00-12.00 № 1,2,4,5,6,7,8,9,10 қалалық емханаларда және «Демеу» отбасылық денсаулық оқу-практикалық орталығында жас аналарға арналған ашық есік күні өтеді»,- делінген хабарламада.
Іс-шара аясында әңгімелер, дәрістер, тренингтер, сонымен қатар, емізу, емізетін аналардың және балалардың дұрыс тамақтануы, балаларды шынықтыру, механикалық асфиксия мен жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.