8 облыста жол әлі жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның 8 облысында күн райының қолайсыздығына байланысты жол әлі жабық деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Күн райы әлі де қолайсыз, сол себепті Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар әлі де жабық тұр.

«Мәселен, республикалық маңызы бар автожолдардың 44 учаскесінде қозғалыс шектелді. Республикалық автожолдар желісінде, оның ішінде жабық учаскелерде 541 бірлік арнайы техника мен 829 жолшы маман жұмыс істеуде»,-делінген хабарламада.