8 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 13.30-да шахмат әлеміндегі ең атаулы оқиға – классикалық шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағына таласатын Ян Непомнящий мен Дин Лижэн матчына арналған баспасөз отырысы өтеді.

Баспасөз мәслихатына қатысатындар:

-Ян Непомнящий - гроссмейстер, әлем вице-чемпионы, 2010 жылғы Еуропа чемпионы, Ресейдің екі дүркін чемпионы (2010 және 2020 жж.), Ресей құрамасы құрамындағы Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2013 және 2019 жж.);

- Дин Лижен - гроссмейстер, Қытай чемпионы (2009, 2011, 2012 жж.);

- Аркадий Дворкович - Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті;

- Тимур Турлов - Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Freedom Holding Corp бас директоры және негізін қалаушы.

Сағат 14.00-деАстана қуыршақ театрында «Ер Төстік» ертегісі қойылады.

Сағат 18.00-де «Номад Сити Холл» театрында У. Шекспирдің «Ромео - Джульетта» трагедиясы сахналанады.

Сағат 19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында Mezzo квартеті мерейтойлық концертін өткізеді.