НҰР-СҰЛТАН
9:30-да Сенатта Қаржы және бюджет комитеті кеңейтілген отырыс өткізеді.
12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде дәрілік қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жағдайы» тақырыбында баспасөз мәслихаты жоспарланған.
АЛМАТЫ
10:00-де Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында институттың негізін салған белгілі ғалым, Вавиловтың шәкірті, Сиверс алмасын ашқан Аймақ Жанғалиевтің 100 жылдық және институттың 60 жылдық мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.
10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту үлгілері» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталады.
12:00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Жібек жолы» халықаралық сауда орталығын сүруге байланысты кәсіпкерлердің мәлімдемесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.