8 сәуірде ел аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі
01:12, 08 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 сәуір күні ел аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Кей жерлерде тұман мен желдің күшеюі, ал оңтүстік батыста шаңды дауыл сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желге шаңды дауыл қосылады.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.