8 шілде, СЕЙСЕНБІ ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 20 жыл бұрын (1994) Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері кездесіп, көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Ортаазиялық ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойды. 14 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы қабылданды. Сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отрядтары құрылды. 11 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Орман кодексіне» қол қойды. 20 жыл бұрын (1994) Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақмола облысының Бурабай курортты аймағында Абылай хан ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. 15 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Парламенті кезекті сайлауының мерзімін тағайындау туралы» Жарлығы жарық көрді. 9 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы қабылданды. 70 жыл бұрын (1944) КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Ардақты ана» және «Ана даңқы» ордендерін белгілеу туралы Жарлығы жарияланды. 159 жыл бұрын (1855) Есет батыр жасақтары А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, оны өлтірді. Бұл көтерілістің шығуына Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендері бойын мекендеген шекті руына түтін салығын салу, әскери мақсат үшін күш-көлік алу, бекініс салынуы салдарынан мал жайылымының тарылуы себеп болды. 1858 жылы қыркүйекте Сам құмында жеңілген Есет батыр көтерілістен бас тартып, патша үкіметіне адал қызмет етуге уәде берді. 94 жыл бұрын (1920) Семей уезінің Долонская станциясы мен Канонерское селосында революцияға қарсы шыққан кулактар бүлік бастады. Оларды азық-түлік салғыртына наразы болған орта шаруалардың біразы қолдады. Бүлік бастағандар «Коммунистерсіз советтер үшін!», «Еркін сауда үшін» деген ұрандар көтерген. 9 жыл бұрын (2005) Астанада Сыртқы істер министрлігінде «ХХІ ғасыр: Әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» кітабының таныстырылымы болды. Бұл кітапта мемлекет басшылары мен саясаткерлердің, дін қайраткерлерінің, зияткерлік және іскерлік әлемнің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері жинақталған. 5 жыл бұрын (2009) Ұлттық банктің Астанадағы орталық филиалына «OLУMPIC GAMES 2010», «Ежелгі қорған қазыналары. Берел қорғаны» сериясынан - «Жыртқыш пен бұғы» және «Жалаулы көмбесі» коллекциялық шақалары келіп түсті. «Жалаулы көмбесі» шақалары 999/1000 сынамалы, «proof» сапалы алтыннан жасалған, салмақтары 0,5 және 1,24 грамм. Олардың ішіндегі үлкенінің құны - 8500 теңге, кішісінің құны - 4500 теңге. «Жыртқыш пен бұғы» шақасы да осы сынамадан жасалған, құны да осындай. «OLУMPIC GAMES 2010» шақасы 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм. 5 жыл бұрын (2009) Павлодар облысының Ақсу қаласында салтанатты жағдайда Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды. Ғалымның мүсіні қаланың басты көшесіне орнатылды. Ескерткіш авторы павлодарлық мүсінші Игорь Соболев мүсіндік портретте атақты жерлесін барынша шынайы көрсетуге тырысқан. 20 жыл бұрын (1994) қазақстандық кинематография тарихында алғаш рет «Территория жизни» сериалының ресми тұсаукесер рәсімі өтті. «Мастерс медиа» тәуелсіз телевизиялық продюсерлік орталығы түсірген экшн жанрындағы сериал әрқайсысы 30 минуттық 8 сериядан тұрады. 1063 жыл бұрын (951) Францияның қазіргі астанасы Париж қаласының іргетасы қаланды. Бүгінгі таңда Париж әлемдік сән орталығы, дүние жүзіндегі ең ірі және көрікті қалалардың бірі. ЕСІМДЕР 66 жыл бұрын (1948) физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академияларының академигі, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Қайнар университетінің ректоры ОМАРОВ Еренғайып Сәліпұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық индустриалдық институтының ассистенті болып бастаған. ҚазМУ-дың оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар институтының доценті, 1991 жылдан «Қайнар» университетінің ректоры болды. 1995 жылдан - ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті. 2000 жылдан «Қайнар» университеті жанындағы Қазақ өркениеті институтының директоры. «Қазақ өркениеті» журналының редакция алқасының мүшесі. Ресей Жаратылыстану ғылмдары академиясының П.Капица атындағы медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. «Қазақ өркениетінің қысқаша тарихы» кітаының, 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы. 115 жыл бұрын (1899-1969) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ОЧКУР Петр Павлович дүниеге келді. Украинада туған. Киев медицина институтын бітірген. 1938-1961 жылдары Қазақ медицина институты патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері патологиялық анатомия мәселелеріне арналған. П.Очкур ағзадағы жүрек-қантамыр аурулары, бруцеллез салдарынан туатын патоморфологиялық өзгерістерге сипаттама беріп, ондағы заңдылықтарды ашты. Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. 75 жыл бұрын (1939) актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі РАҚЫМОВ Ошат дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы опера және балет театры студиясын бітірген. 1960-1962 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті. 1962 жылдан Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрының актері болды. О.Рақымов театр сахнасында 200-ге тарта рөлде ойнады. Олардың қатарында Нарша, Көбей, Еспембет, Қозы Көрпеш, Бекежан, Әсет, Капулетти, т.б. бейнелері бар. «Өмірім - өнерім» атты жыр жинағы жарық көрген. 175 жыл бұрын (1839-1937) американдық кәсіпкер, адамзат тарихындағы алғашқы «доллар» миллиардері РОКФЕЛЛЕР Джон Дэвисон дүниеге келді. Нью-Йорк штатының Ричфорд қаласында туған. 1863 жылы Рокфеллер әріптестерімен бірге Кливлендке тақау жерден өзінің алғашқы мұнай айдау зауытын салды. 1870 жылы «Стандарт Ойл Компани» компаниясының негізін қалады. Ол досы әрі бизнестегі әріптесі Генри Флаглермен бірге жекеленген мұнай шығаратын және мұнай өңдейтін кәсіпорындарды біртұтас қуатты мұнай тресінің астына топтастырды. Аталған компанияға Америкада өндірілетін мұнайдың 95 пайызы тиесілі болды. 1897 жылдан бастап Рокфеллер компанияның басқару тетіктерін біртіндеп қабілетті әріптестеріне беріп, өзі қайырымдылық шараларымен айналыса бастады. Ол 1892 жылы Чикаго университетінің, 1901 жылы Рокфеллер атындағы медицина институтының (кейінірек Рокфеллер атындағы университет) негізін қалады. 1902 жылы Жалпы білім беру кеңесін, ал 1913 Рокфеллер қорын құрды. 124 жыл бұрын (1890-1974) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960) ГОВОРОВА Елизавета Антоновна дүниеге келді. Ресей Федерациясында туған. 1907-1915 жылдары Санкт-Петербордағы Өнер тарихы интернатында оқыған. Говорованың шығармашылық қызметі Қазақстанмен тығыз байланысты болды. Негізінен көп қырлы пейзажшы ретінде танылды. Оның қаламұшпен, тушьпен, сангинамен, қорғасынды қарындашпен әсем табиғат көріністерін салған суреттері бояулардың үйлесімділігімен, сызбалары мен штрихтарының ойнақылығымен ерекшеленеді. «Қазақстанның таулы пейзажы» суреттер топтамасының («Шоқыдағы шыршалы орман», «Сарқырама жартасы», «Тас құрсаудағы бәйтерек», «Жар шетіндегі шыршалар»), «Қазақстанның шөптері» топтамасының («Ошаған ханзада», «Серуен», «Музыкант шегіртке», «Шөптер шілтері», «Таудағы тұман», «Ежелгі Каллиералар орны», «Көкек айы», Қашу») авторы. 43 жыл бұрын (1971) палуан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақша күрестен спорт шебері САЛЫҚБАЕВ Қуаныш Жұмабекұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Алғашқы бапкерлері - Т.Шәкенов, А.Теміржанов. Самбодан Қазақстанның бес дүркін чемпионы (1996, 1999, 2000, 2001, 2002) және Азия чемпионатының күміс (2000, Орал) және алтын жүлдегері (2001, Ташкент), Әлем чемпионы (2006, Ташкент). Қазақша күрестен Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2002, 2005, 2007) және Азия чемпионатының үздік чемпионы (2007, Қарағанды). 56 жыл бұрын назад (1958) Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ дүниеге келді. 1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 1980-1993 жылдары ҚазМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды. 1993-1994 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ҚР Президенті протоколының бастығы - ҚР Президентінің кеңесшісі. 2006 жылдың ақпанынан 2007 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007-2010 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі. 2010 года 7 қазанында Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі , Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 64 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы АДЫРБЕКОВ Икрам Адырбекұлы дүниеге келді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.
Алматы зооветеринарлық институтын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Зоотехник ғалым, экономист, мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері, э.ғ.д. Дипломаттық дәрежесі - Төтенше және Өкiлеттi Елші.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Литва, Малайзия және Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшісі болып қызмет істеген.
«Құрмет», «Парасат», шетел ордендерімен, бес медальмен марапатталған. 40 жыл бұрын (1974) Ресей эстрада әншісі, киноактриса, фотомодель, тележүргізуші родилась ФРИСКЕ Жанна Владимировна дүниеге келді.