8 шілде. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1950) мемлекет қайраткері, ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбекұлы АДЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Ташкент облысында (Өзбекстан) туған. Алматы зооветеринарлық институтын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Зоотехник ғалым, экономист, мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері, э.ғ.д.

Дипломаттық дәрежесі - Төтенше және Өкiлеттi Елші. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Литва, Малайзия және Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшісі болып қызмет істеген.

2011-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қазіргі қызметін 2019 жылғы қыркүйек айынан бері атқарып келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған. «Құрмет», «Парасат», шетел ордендерімен, бес медальмен марапатталған.

6 5 жыл бұрын (1958) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ дүниеге келді.

1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор.

1980-1993 жылдары ҚазМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды.

1993-1994 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ҚР Президенті протоколының бастығы - ҚР Президентінің кеңесшісі.

2006 жылдың ақпанынан 2007 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007-2010 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі. 2010-2016 жылдары Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (2016-2018); Түркістан облысының әкімі (2018-2019). Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (2019-2021).

Қазіргі қызметін 2021 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

45 жыл бұрын (1978) Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Өмірбекұлы ШАМЕНОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм» мамандығы бойынша бітірген.; 2004 жылы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Газ және мұнай кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.;

2014 жылы-Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Техника және технология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» ЖШС-де менеджер лауазымынан бастады.
2000-2006 жж. - «Жібек-жолы» компаниясының туризм жөніндегі менеджері, Қызылорда қаласын газдандырудың салынып жатқан объектілері дирекциясының жетекші инженері;
2006-2009 жж.-Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің жетекші маманы, бас маманы;
2009-2012 жж.-Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы;
2012-2015 жж.-Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
2015-2018 жж.-Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2018-2020 жж.-Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы;
2020-2022 жж.-Жалағаш ауданының әкімі;
2022 жылғы 28 сәуірде Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

44 жыл бұрын (1979) «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Насимуллаұлы ҚҰРМАНБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университетін бітірген.

2000 жылдан бастап мұнай саласында жұмыс істей бастады.

«ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры, энергетика министрлігі мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.

43 жыл
бұрын (1980) ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары Ғабит Әбдімажитұлы СЫЗДЫҚБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2007 жылдары – Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі; Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Кеңсесі Баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы. 2007-2011 жылдары – Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты. 2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы. 2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі. 2017 жылы – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі. 2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі. 2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.

41 жыл бұрын (1982) Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы Абзал Әліпұлы ЖАЙЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Жаңаарқа ауданы бойынша салық комитетінің бағдарламашысы болып бастады.

Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімінің бастығы, Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы (2004-2010); Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымы бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму, құрылыс, көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысы әкімі аппаратының экономикалық даму және талдау бөлімінің басшысы, Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2010-2019); «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасары (2019-2021); Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы (2021-2022).

Қазіргі қызметінде 2022 жылғы маусымнан бастап.

36 жыл
бұрын (1987) «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жұбанышқызы ЖАНАСОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасымен Кембридж университетін, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді «Executive Management» бағдарламасы бойынша бітірген.

Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры (2010-2014).

ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды (2014-2016).

«Зерде» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы (2016-2017), «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі (2017-2018).

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды (2018-2020).

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі (07.2020-30.09.2022).

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың қазан айынан бері.