8 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
***
10:00-де «Жастар» сарайында қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, «Astana» ӘКК, «AstanaInvest» инвестицияларды дамыту орталығы, «Даму» қоры, «Атамекен» ұлттық палатасы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлер үшін Ашық есік күні өтеді.
10:00-де Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасы елшілігінде БАҚ өкілдері мен сарапшылар үшін Өзбекстандағы конституциялық реформалар мәселелері, сондай-ақ 1-2 шілдеде Қарақалпақстан Республикасында болған оқиғалар жөнінде брифинг өтеді.
11:00-де ҚР Ұлттық музейінде қайта қалпына келтіруші, шебер, ұста, саяхатшы Сәрсенбай Оспанұлымен кездесу өтеді.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
16:00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
19:00-де «Астана Балет» сахнасында «Орфей мен Эвридика» балетінің премьерасы.
19:00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі.
19:30-да Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Жұлдыздар құттықтайды» концерті болады.