8 шілде. Тұлғалар туған күн

Коллаж: Kazinform

Бүгін, 8 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1950) мемлекет қайраткері, дипломат, ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбекұлы АДЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Ташкент облысында (Өзбекстан) туған. Алматы зооветеринарлық институтын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Зоотехник ғалым, экономист, мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері, э.ғ.д.

Дипломаттық дәрежесі - Төтенше және Өкiлеттi Елші. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Литва, Малайзия және Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшісі болып қызмет істеген.

2011-2017 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметінде болды.

Қазіргі қызметін 2019 жылғы қыркүйек айынан бері атқарып келеді. «Құрмет», «Парасат», шетел ордендерімен, бірқатар медальмен марапатталған.

67 жыл бұрын (1958) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ дүниеге келді.

1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор.

1980-1993 жылдары ҚазМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды. 1993-1994 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы - ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2007-2010 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі, 2010-2016 жылдары Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметін атқарған.

2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2018-2019 жылдары Түркістан облысының әкімі, 2019-2021 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымын атқарған. 

Қазіргі қызметін 2021 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, бірқатар медальмен марапатталған.

46 жыл бұрын (1979) «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бас директоры Талғат Насимуллаұлы ҚҰРМАНБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университетін бітірген.

2000 жылдан бастап мұнай саласында жұмыс істей бастады.

«ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры, энергетика министрлігі мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары болды.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1980) Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімажитұлы СЫЗДЫҚБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2007 жылдары Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі; Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Кеңсесі Баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы, 2007-2011 жылдары Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты, 2011-2012 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, 2012-2017 жылдары Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі болды. 2017 жылы ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі, 2017-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі;

ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2021-2023 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары, 2023 жылы ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келеді.

38 жыл бұрын (1987) ҚР Президентінің кеңесшісі Әсел Жұбанышқызы ЖАНАСОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2010 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М.Ломоносов атындағы ММУ-ді «Executive Management» бағдарламасы бойынша бітірген.

2010-2014 жылдары Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры болып еңбек етті. 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы, 2017-2018 жылдары «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі, 2018-2020 жылдары «Астана» Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары ҚР Сауда және интеграция вице-министрі лауазымында болды.

2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021) медалімен марапатталған.