8 тамыз. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 8 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР 

49 жыл бұрын (1977) «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Қизатқызы ӘЛІМБАЕВА дүниеге келді.

Фото: kapital.kz

Метеорология, қаржы, қолданбалы экология мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2022 жылы «Қазгидромет» кәсіпорнында техник-метеоролог болып бастаған. 2003-2015 жылдары осы кәсіпорында инженер-метеоролог, жетекші инженер-метеоролог, метеорология басқармасының басшысы, метеорология департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары «Қазгидрометтің» экология мониторингі департаментінің директоры, 2017-2020 жылдары «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары болып қызмет етті.

Қазіргі лауазымын 2020 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1980) мемлекет қайраткері Анас Ахатұлы БАҚҚОЖАЕВ дүниеге келді.

Фото: senat

Жетісу облысының тумасы. 2001 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «Инженер-механик» мамандығы, 2021 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің магистратурасын «Экономика» саласы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2001-2003 жылдары ҚР Ауыл шарашылығы министрлігінде бас маман, 2003-2009 жылдары «ҚазАгроМаркетинг» АҚ департамент директоры, 2009-2011 жылдары Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының бас директоры, 2012-2013 жылдары «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарушы директоры, 2013-2015 жылдары «ҚазАгроӨнім» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 2015-2016 жылдары Қарағанды қаласындағы ет өңдеу комбинатының директоры, 2016-2017 жылдары «Атамекен» ҰКП «Агробіліктілік» орталығының эксперті, 2017-2018 жылдары «Асыл Түлік» АҚ Басқарма төрағасы, 2019-2020 жылдары «БиоПрофи» компаниясының директоры, 2020-2022 жылдары «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының хатшысы, Саяси кеңесі Президиумының мүшесі, 2018-2022 аралығында Қазақ радиосында «Аграрлы Қазақстан» хабарын жүргізген. 2023-2026 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VIIІ шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.

41 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Жұмабекұлы ҚАЖКЕНОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Көкшетау облысында туған. С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, «инженер» біліктілігімен (2006), «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша (2015 ж) бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары «Арч-Идеа» ЖШС инженер-электригі, 2008-2009 жылдары «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС инженер-конструкторы, 2009-2011 жылдары «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы, 2011-2012 жылдары «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету секторының жетекші маманы, 2012-2013 жылдары «Мемсараптама» РМК филиалдарымен жұмыс бөлімінің жетекші маманы, 2013-2015 жылдары «Мемсараптама» РМК филиалдарымен жұмыс бөлімінің бастығы, 2015-2016 жылдары «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорны әдістеме бөлімінің басшысы, 2016-2017 жылдары «Мемсараптама» РМК Солтүстік аймақтық филиалы директорының орынбасары, 2017 жылы «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорнының әдістеме бөлімінің басшысы, 2017-2021 жылдары «Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, 2021-2024 жылдары «Мемсараптама» РМК бас директоры қызметін атқарды.

2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.