8 желтоқсанда Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 8 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Pexels

9.00-де Ұлттық академиялық кітапханада «Қазіргі заманғы отбасылық тәрбие: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми симпозиум өтеді.

10.00-де Сенатта азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Парламенттік тыңдау өтеді.

10.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына арналған мерекелік форум өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде Болат Жәмішевтің төрағалығымен қордың компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу тетіктері, жобалау офисінің қызметі мәселесі бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

11.00-де Astana Hub ғимаратында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Жер қатынастарының цифрлық трансформациясы» атты брифинг өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Атырау облысының әкімі Шәпкенов Серік Жамбылұлы.

Көрсетілім сілтемесі: youtube, facebook

15.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында боччадан Қазақстан чемпионатының ашылу рәсімі өтеді.

18.30-да «Болашақ» корпоративтік қоры XIV қысқы қайырымдылық балын өткізеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Отелло» драмасы сахналанады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.