8 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, бұрқасынды жел күшейеді, көктайғақ болады, тұман түседі, ал республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында және шығысында күн ашық болады

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі.

Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күшеюі секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында желдің ұйтқуы секундына 28 метрге дейін жетеді

үндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады.