ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің 80 жасқа толған туған күнін сайлау учаскесіне барып дауыс беруден бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ардагер өзінің таңдауын №200 сайлау учаскесінде жасады. Оның айтуынша, сайлау әрбір мемлекеттің дамуында үлкен мәнге ие. Сондай-ақ қария бүгінгі саяси шараның сәтті өтуіне ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
«Тәуелсіз еліміздің дамуында әрбір сайлаудың маңызы зор. Бүгінге дейінгі сайлауларда да мен осылай белсенділік танытып келемін. Бүгінгі мерейтойлық туған күнімде де сол дағдымнан жаңылған жоқпын. Еліміздің болашағы жарқын болуына тілектеспін», - деді ол.
Бүгін Қазақстанда ҚР Парламентінің Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Қазақстандықтар 5 партияның бірі үшін дауыс бере алады: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның халық партиясы.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.