Ашатұяқтылардың бірі жартастан шыңырауға секірген, ал бұдан кейін 79 қой оның артынан шұбыра ілескен.
Бақташы Эркан Озердің айтуынша, ол қойларды құтқаруға тырысып-ақ баққан, бірақ кеш қалған көрінеді.
«Мен қойларды үстіртте бағып жүрген едім. Олардың біреуі жарқабақтан секірді, соған қараған қалғандары тап солай істеді. Мұны көрген соң өзгелерінің жолын кеспекке ұмтылдым. Бірақ сол жерге жақындаған мезетте 79 қойдың өлгенін көрдім»,- деп атап өтті бақташы.
Тұрғындардың бірінің сөзіне қарағанда, олар ашатұяқтылардың өліміне байланысты жергілікті билік көмектеседі деген үмітте.