92 лицензия, 80 спортшы – Олимпиада ойындарында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтануға тура 15 күн қалды. Нақтырақ айтсақ, 26 шілде күні төрткіл дүние көз тігетін төртжылдық дода бастау алады.

Фото: KTF

Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасы аталған ойындарға 25 спорт түрінен 92 жолдама жеңіп алды.

Инфографика: Kazinform

Париж Олимпиадасы — Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ, Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.

Инфографика: Kazinform

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Инфографика: Kazinform

Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. 26 шілде күні басталатын дода 11 тамыз күні өз мәресіне жетеді.

Инфографика: Kazinform