Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эпидемиологі Дина Шакратованың айтуынша, тұрғындарды вакциналау үшін 70 мың доза вакцина сатып алынды. Жақын күндері препараттың тағы 10 мың дозасын сатып алу жоспарланған.
— Аурудың асқынған түріне шалдыққан пациенттерді емдеуге жатқызу үшін облыстың медициналық ұйымдарында 375 төсек-орын дайындалды. Оның 326-сы инфекциялық профильге, ал 49-ы пульмонологиялық профильге тиесілі. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор — «СҚ-Фармация» компаниясы тұмауға қарсы вакциналарды орталықтандырылған түрде сатып алуды жүргізіп жатыр, — деп мәлімдеді эпидемиолог маман.
Тұмауға қарсы вакцинаны тегін алуға болады. Ол үшін учаскелік терапевтке немесе педиатрға қаралып, содан кейін егілу кабинетіне хабарласу қажет.
Мамандар тұмауға, жіті респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) және COVID-19-ға эпидемиологиялық және зертханалық қадағалауды күшейтті. Балабақшаларда, мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында балалардың қатысуы міндетті түрде бақылауға алынып, таңғы сүзгілеу жүргізіледі.
Бұған дейін күннің салқындай түсуіне байланысты Павлодар облысында қыркүйектің алғашқы онкүндігінде жылу беріле бастауы мүмкін екенін жазғанбыз.
Сондай-ақ Павлодарда көмірдің кеніштен босату бағасы көтерілді.