Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға облыс орталығында болған.
«80 жастағы әйел ұлы екеуі үйдің 4 қабатында тұрған. Сырқаттанып жүрген ол далаға терезе арқылы шықпақ болады. Киім-кешектерден арқан жасап, төменге түспек болады. Арқан үзіліп кетіп, әйел көз жұмды. Бұл уақытта ұлы жұмыстарымен жүрген», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Полицейлер кісі өлімінің нақты себептерін жариялаған жоқ. Бұл факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.