80 жастағы қарт «Пежо» көлігімен сегіз оқушыны қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Ливерпуль қаласында егде жастағы әйел жолда бір топ оқушы қызды қағып кеткен, деп хабарланды британиялық The Independent газетінің сайтында.

Екі жапа шегуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді, тағы үшеуінің жағдайы ауыр. Тағы екі қыз жеңіл жарақат алды.

11-ден 13 жасқа дейінгі қыздар зардап шекті.

Сары түсті "Пежо" маркалы көлігінің және жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы жайлы куәгер хабарлаған.

Машина рулінде 80 жастағы әйел болған. Оған да медициналық көмек көрсетілді.