Аңды көрген азаматтар мен арнайы мәліметтерді салыстыра келе мамандар жергілікті тұрғындар осыдан 80 жыл бұрын жер бетінен құрып кетті, деп саналып келген тасманиялық жолбарысты байқаған деген байламға келіп отыр.
Осы оқиғадан соң зоологтар қалай болған күнде де қалған аңдарды табу үшін Кейп-Йорк жартылай аралына фото және бейнебақылаушыларды орнатты.
Соңғы тасманиялық жолбарыс немесе ел арасында ала қасқыр атанып кеткен аң 1930 жылы австралиялық зообақта өлген. Содан бері зоологтар аталған аң түрінің ең құрығанда біреуін болса та табамыз деген үмітпен жүр.