81 жастағы американдық әйел лотореядан 335 млн-нан астам доллар ұтты

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Американың Ньюпорт қаласының тұрғыны 81 жастағы Луиз Уайт АҚШ-ғы атақты 'Пауэрбол' лотореясынан 336,4 млн. доллар ұтты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

Американдық әйел бұл билетті жергілікті азық-түлік дүкенінен сатып алғандығын және қомақты ұтысты бөлшектемей, барлық ақшесын алатынын айтты.

Айта кетейік, «Пауэрбол» лотореясының тарихында болған ең үлкен ұтыс 2006 жылы 365 млн. долларды құраған болатын.