ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің біраз елін велосипедпен аралаған жиһанкез Кеңесбек Сейдімбек Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейіне құнды жәдігер тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін музейіне тапсырып, пікір кітабына естелік қалдырды.
Айта кетерлігі, қорға өткізілген велосипедпен спортшы бұған дейін қасиетті Мекке мен Мәдинаға, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне барған. Енді бұл велосипед құнды жәдігер ретінде жұртшылық назарына ұсынылатын болды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылған шара барысында музей ұжымы 81 жастағы атақты саяхатшыға құрмет көрсетті.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.