Солардың арасында курсты толықтай тәмамдағаны туралы диплом алған 81 жастағы «студент әже» Сюэ Миньсю де болды.
1936 жылы желтоқсанда дүниеге келген Сюэ Миньсю 2014 жылдың наурызынан бастап заманауи қашықтықтан білім беру факультетінің «электрондық сауда» мамандығы бойынша білім алып келген.
Ол 2017 жылдың желтоқсанында информатикадан алтыншы рет емтихан тапсырып, университеттегі оқуын табысты аяқтаған.